Дауыс беру – азаматтық парыз
Президент сайлауы – ел болашағына сенім артқан әр азаматтың маңызды борышы. Осылай деген алматылық зиялық қауым өкілдері бүгін өз таңдауын жасады. Жазушы Смағұл Елубай №125 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Ол әр азаматты мемлекет келешегіне жауаптылықпен қарап, саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды. Дәл осы сайлау учаскесінде ақын Нұрлан Оразалин де дауыс берді. Мемлекет және қоғам қайраткері сайлаушылардың саяси белсендігін арттыру болашаққа деген нық қадам екеніне сенімді. Бүгін өз таңдауымызды жасап, дауыс беру арқылы өскелең ұрпаққа өнеге көрсетуіміз маңызды дейді жазушы.
Нұрлан Оразалин - ақын, мемлекет және қоғам қайраткері
Конституциямыздың құқығын дұрыс пайдалануымыз керек деп ойлаймын мен. «Конституциялық құқық» деген не ол? Азамат, азамат болу деген сөз өзіңнің отыңның басына, ұрпағыңның, ұлтыңның амандығына дауыс беру деген сөз//Конституциямыздың құқығын дұрыс пайдалануымыз керек деп ойлаймын мен. «Конституциялық құқық» деген не ол? Азамат, азамат болу деген сөз өзіңнің отыңның басына, ұрпағыңның, ұлтыңның амандығына дауыс беру деген сөз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10