1 қаңтардан бастап Конституциялық сот өз қызметін бастайды
Елімізде сот шешімімен келіспей, мемлекеттік органдардың құқықтық актілеріне наразылық білдіру жағдайлары жиілеген. Бұл азаматтардың мүдделерін қорғайтын құқықтық құралдарды күшейту қажет екенін көрсетеді. Осыған байланысты адамдар Конституциялық сотқа үлкен үміт артып отыр. Бұл туралы Адвокатура академиясының «Қазақстанда Конституциялық соттың енгізілуі - әділетті және құқықтық мемлекет құрудағы маңызды қадам» атты ғылыми-практикалық конференцияда талқыланды. Заңгерлер жаңа институттың қалай жұмыс істейтінін жан-жақты саралады.
Елімізде конституциялық сот 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысына кіріседі. Бұл бастама 5 маусымда өткен бүкілхалықтық референдумдағы конституциялық реформаға енгізілген болатын.
Марат Бәшімов, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры:
Конституциялық сот деген дүние жүзіндегі ең үлкен институт болып тұр ғой, адам құқықтарын қорғайтын. Адам құқықтарын қорғайтын нәрсені қоғам да қолдап отыр.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамптың рейтингі құлдырады
20.10.2026, 17:04
Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша үздік 20 елдің қатарында
20.10.2026, 17:02
Астана әуежайы биометриялық тексеріп тұруы мүмкін
20.10.2026, 17:00
«GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026»: Арал өңірінде халықаралық волонтерлер апталығы өтуде
20.10.2026, 16:18
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10