Астана әуежайы биометриялық тексеріп тұруы мүмкін
Астана әуежайында биометриялық тексеру жүйесі енгізілуі мүмкін. Ол жолаушының бет-әлпетін аз уақытта сканерден өткізіп, аты-жөнін бірден табады. Алдағы уақытта осы жүйенің арқасында паспорт тексеру, тіркеу және ұшуға дейінгі өзге де рәсімдер жылдам өтеді. Әзірге бұл ұсыныс ретінде қаралып жатыр. Жоба 4-қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Егер мақұлданса, әуелі елордада пилоттық режимде, сосын ел көлемінде пайдаланылуы мүмкін.
Ерлан Көшбаев, ҚР Көлік министрлігінің департамент директоры:
Жалпы жоба бізде ұлттық ақпараттық технологиялар қоғамымен бірлесіп жасалынған. Яғни egov mobile мобильді қосымшасы негізінде жүзеге асырылған. Бұл жерде жолаушылар ішкі әуе рейстерінде ұшу алдыңдағы тексеру аймағына кіру және ұшаққа отырғызу кезінде осы жеке басын биометрия арқылы растай алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы