Украина президенті Когресс алдында сөз сөйледі
Украина президенті Владимир Зеленский жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды. Бұл - оның елде соғыс басталғалы бергі кезеңде алғаш рет шетелге шығуы.
Зеленский алдымен АҚШ президенті Джо Байденмен кездесу өткізіп, екі сағаттай әңгімелесті. Мұнан соң Конргестің қос палатасы алдында сөз сөйледі. Америкалықтарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, «Украина шыдайды және ешқашан берілмейді» деп мәлімдеді. Зеленский соғысты және қазіргі Ресейді Екінші Дүниежүзілік соғыс пен гитлерлік Германияға теңеді.
Украина президенті АҚШ елге 2 млрд доллардың әскери көмегін, оның ішінде «Пэтриот» қорғаныс жүйесін беретінін мәлімдеді. Бұл арқылы Украинаның әуе қорғанысы күшеймек. Джо Байден болса, америкалықтар еуропалық одақтастарымен бірге Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін мәлімдеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елде 124 теміржол вокзалы жаңартылады
11.08.2026, 09:49
Үкіметте жасанды интеллект технологиялары қаралып жатыр
11.08.2026, 09:48
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08