Елімізде доллар мен еуроға сұраныс күрт артқан
Елімізде доллар мен еуроға сұраныс күрт артқан. Ұлттық банктің дерегіне сәйкес, өткен айда ел азаматтары 223 миллиард теңгеге шетел валюталарын сатып алған. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 процентке көп. Мәселен ел азаматтары өткен айда 204 миллиард теңгеге доллар, 15 миллиардқа еуро алған. Ал рубльге керісінше сұраныс 57 пайызға азайып отыр. Есесіне теңгедегі салымдар едәуір көбейген. Валюта бағамына тоқталайық. Бүгін доллар теңгеге шаққанда сәл арзандай түсті. Қазір Америка ақшасы 461 теңге тұрады. Ал өзге валюталармен қор биржасында бүгін сауда жасалған жоқ.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында тазалыққа талап күшейді
06.08.2026, 17:26
Жас суретшілер Абай шығармаларын бейнеледі
06.08.2026, 17:26
«Sarap» сарапшылар клубының аймақтық отырысы өтті
06.08.2026, 17:23
БҚО-да жас стартапер қағаз басып шығарудың тың әдісін тапты
06.08.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 17:18
Ұлыбританияда кейуана ұшақтың қанатына шығып, рекорд жаңартты
06.08.2026, 17:17
Зымыран бөлшегі айға құлады
06.08.2026, 17:17
Грузияда жаппай электр жарығы өшті
06.08.2026, 17:16