БҚО-да жас стартапер қағаз басып шығарудың тың әдісін тапты
Оралда жас стартапер қағаз басып шығарудың тың әдісін ойлап тапты. Автоматты басқару құралы адамның қатысуынсыз қызмет көрсетеді. Студентке BatysHub инновациялық орталығы қолдау танытқан.
Принтер. Дисплей. Компьютер. Қағаз басып шығарудың әдеттегі әдісіндей көрінуі мүмкін. Бірақ 19 жастағы студент бұл құрал-жабдықтарға автоматты басқару тетігін енгізген. Дисплейдегі QR арқылы сайт не телеграмм арнаға құжат жүктейсіз. Ақшасын төлейсіз. Ән сәтте керек қағазыңыз басылып шығады. Мұндай аппаратты жоғары оқу орындарына, қызмет көрсету мекемелеріне қоюға болады.
Нұрәлем Ахметжан, стартапер, студент:
Студенттерге арнап ойлап шығардым басында. Бірақ кәдімгі қарапайым адамдар да қолдана береді. Полиграфиялар 24/7 жұмыс істей алмайды, ал менің аппаратым солай жұмыс істейді. Ешбір адамның қатысуынсыз. Оқу орындарымен ынтымақтастық керек өз аппараттарымды қоюға және инвестиция жағынан қаражат қажет прототипін құрап шығаруға.
Жас стартаперге «Batys hub» инновациялық орталығы қолдау танытып отыр. Қазір орталықта 60-тан астам жас өрен өз жобасын қорғап, жүзеге асыру үстінде. Сондай-ақ, IT-стартапты 90 күнде іске қосуға мүмкіндік беретін Startup Orda білім бағдарламасына өтініш қабылдау басталды.
Әсел Қасымова, «Batys hub» инновациялық орталығының директоры:
Кез келген қатысушы идеядан дайын mvp-ге дейін, яғни дайын IT өнімін әзірлейді. Startup Ordaның түлектері Астана-хабтың пицца-пичіне барады. Және ішкі байқауларға қатысып, 450 мың теңге қаржылық грантқа ие бола алады. Өтінімді 23 тамызға дейін беруге болады.
Орталықта
Tomorrow school жасанды интеллект мектебіне де өнертапқыштар қабылданып жатыр. Ал
кезекті ішкі байқауда Нұрәлем секілді тың шешім тапқан жастар арнайы грантқа ие
болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы