БҰҰ Ауғанстандағы кейбір бағдарламаларды тоқтатты
Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстандағы бірқатар маңызды бағдарламаларын уақытша тоқтатты. Өйткені «Талибан» әкімшілігі мұндай гуманитарлық ұйымдарда әйелдердің жұмыс істеуіне рұқсат бермей отыр.
Сонымен қатар Еуропа одағы мен әлемнің 12 елі ауған басшылығын қыз балаларды университеттер мен мектептерге қайтаруға шақыратын мәлімдеме жариялады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, Ауғанстанда экономикалық құлдырау мен кедейшіліктен 28 миллиондай адам гуманитарлық көмекке мұқтаж.
Айта кетсек, бұл мемлекетте тәліптер билікке былтыр тамызда келді. Содан бері олар әйелдердің білім алуына, жұмыс істеуіне тыйым салғандықтан, Ауғанстаннның жаңа үкіметін халықаралық қауымдастық әлі мойындамай отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06