Анталия көшелерін су басты
Түркияның Анталия мен Алания қалаларында нөсер жаңбыр жауып, қатты дауыл соқты. Салдарынан көшелерді су басып, ағаштар құлаған. Ғимараттардан ұшқан шатыр бөлшектері мен қыш тақтайшалар автокөліктерді зақымдады.
Туристер мен тұрғындар әбден әбігерге түсті. Құлаған ағаштар бірнеше көлікті басып қалған. Дегенмен жарақат алғандар жоқ. Сондай-ақ дауылдың кесірінен теңізде биіктігі 4 метрге дейін жететін толқындар пайда болды.
Алып толқындар жағалауда орналасқан дәмханаларды да басып қалды. Қала билігі тұрғындар мен туристерге теңіз жағалауына жақындауға тыйым салды.
Такси жүргізушісі:
Қызыл бағдаршамға тоқтап тұрғанмын. Қатты желден жол жиегіндегі ағаш дәл менің көлігімнің үстіне құлады. Көліктің ішінде жолаушы да бар еді, абырой болғанда тез шығып үлгердік. Екеуміз де жарақат алмадық.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06