Дүниежүзілік банк Украинада кедейлік деңгейі 10 есе көбейгенін мәлімдеді
Дүниежүзілік банк қарулы қақтығыс салдарынан Украинада кедейлік деңгейі 10 есе көбейгенін мәлімдеді. Былтыр халықтың төрттен бірі жоқшылықта өмір сүруге мәжбүр болған. Ал осы жылдың соңына қарай бұл деңгей тіпті 55 процентке дейін шарықтап кетуі де әбден мүмкін, дейді сарапшылар. Украина ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуі бойынша ішкі жалпы өнім 2022 жылы 30 проценттен артық құлдыраған. Экономиканың бірқатар секторы және қаржы саласы түрлі қиындыққа тап болды. Украина премьер-министрінің мәліметі бойынша өткен жылы Киев АҚШ, Еуропа, Ұлыбритания, Жапон және Халықаралық банктен көмек ретінде 1 трлн гривень қаражат алған.
Денис Шмыгаль, Украинаның премьер-министрі:
2023 жылы қалай да экономиканы көтеруге күш жұмсайтын боламыз. Мемлекет әсіресе жеке бизнес сектордың жағдайын реттегісі келеді. Ол үшін жеңілдетілген несие беру жолдарын қарастырып жатырмыз.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06