Қытайда 900 млн адам коронавирус жұқтырды
Қытайда қаңтардың 11-не дейін 900 миллион адам немесе халықтың 64 пайызы коронавирус жұқтырған. Мұндай зерттеу қорытындысын Пекин университеті жариялады. Оның дерегінше, ковидке шалдығудан бірінші, екінші, үшінші орындарда Ганьсу, Юннань, Циньхай провинциялары тұр. Ал, Хэнань аймағында бұл індет тұрғындардың 90 пайызынан анықталған.
Үкімет болса, желтоқсанның 7-де қатаң карантиндік шектеулерді доғаруға кіріскеннен бері коронавирус науқастары жайлы күнделікті мәлімет беруді тоқтатып отыр.
Айта кетсек, қаңтардың 23-де Қытайда шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесі басталады. Сол мейрам кезінде елде 2 миллиардтай сапар жасалып, бұл инфекция тіпті өршиді деген қауіп бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06