Ұлыбритания үкіметі электр қуатын үнемдеуге шақырып жатыр
Осы аптада Ұлыбританияда күн салқындап, электр қуатын пайдаланушылар қатары артады, нәтижесінде электр желілеріне салмақ түседі деген қауіп бар. Еуропадан суасты кабельдері арқылы тасымалданатын электр энергиясы да жетпеуі мүмкін. Оның үстіне қатты жел болмай, жел диірмендері де кәдеге аспай тұр. Сондықтан 3 көмір электр станциясы қажет болған жағдайда қосылуға дайын. Халықты үнемдеуге ынталандыру мақсатында үкімет түрлі әрекеттерге барып жатыр. Бұдан былай кешкі уақытта жарық пен газды аз пайдаланған тұтынушыларға төлем бойынша жеңілдіктер беріледі.
Финтан Слай, Ұлттық электр желілері операторының атқарушы директоры:
Осылайша біз жарықты ең көп тұтынатын уақыт кезінде оған деген сұранысты азайтуға тырысамыз. Әдетте қыста электр желілеріне салмақ кешкі 5 пен 6 арасында түседі. Смарт есептегіш құралдары бар тұрғындардың бір жылда 100 фунтқа дейін ақша үнемдеуге мүмкіндігі бар.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06