Түркияға жан-жақтан құтқарушылар барып жатыр
Түркияға жан жақтан құтқарушылар ағылып жатыр. Апат салдарын жою үшін Қазақстан 101 адамды аттандырды. Әзірбайжан 400, Ресей Сирияға жіберілген жасақты қоса есептегенде 100, Беларусь 64, Қырғыз елі 63 құтқарушы жіберген. Грузия мен Өзбекстанның әрқайсысынан 60, Молдовадан 55, Тәжікстаннан 50 және Эстониядан 44 құтқарушы зілзала орындарында жұмыс істеп жатыр. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркия еліне шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Қазақстанның өкілетті органдары бауырлас елдегі зілзаланың зардабын жою шараларына қосымша көмек көрсету мәселесін де қарастырып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06