Түркияда үйінді астынан аман табылған азаматтар қазақстандық құтқарушыларға алғыстарын айтты
Қазақстандық құтқарушылар 76 сағаттан соң үйінді астынан аман сау шығарып алған әкесі мен екі баласы біздің мамандарға арнайы келіп алғыс білдірді. Екі күн бұрын қазақстандық құтқарушылар иісшіл иттің көмегімен құлаған үй астында тірі адам бар екенін анықтап, 10 сағаттық құтқару операциясынан соң 59 жастағы әкесі мен 26 және 23 жастағы екі баласын алып шықты. Үш тәуліктен аса үйінді астында жатып қалжырап, ауыр жағдайда тұрса да ағайынды жігіттер әкесін ертіп келіп, өздерін құтқарған батырларға алғыс білдіруді азаматтық парызымыз деп санағанын айтады. Өкініштісі, аналары сол үйінді астында қайтыс болыпты.
Мустафа Табур, Газиантеп қаласының тұрғыны:
Өзімізді жаңадан туғандай сезініп тұрмыз. 76 сағаттан соң үшеумізді қазақстандық құтқарушылар алып шықты. Оларға Алла разы болсын. Бұдан кейін тек қана жақсылықта жолығайық. Қазақстанға қыдыруға келеміз.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06