Түркияға әлем елдерінен құтқарушылар келіп жатыр
Түркиядағы зілзаладан қаза тапқандардың саны 29 600-ге жетті. Жергілікті тұрғындардың үйлеріне кіруіне қатаң тыйым салынған.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Мен қазір Газиантеп қаласының сыртындағы қазақстандық құтқарушылар орналасқан штабта тұрмын. Жергілікті уақыт таңғы жеті. Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің көмегімен, біздің құтқарушылардың осы жерде демалып, тамақтануына барлық жағдай жасалған. Тәулігіне үш мезгіл осы жерден қалаға дейін арнайы автобустар құтқарушыларды апарып, алып келеді. Ал «Ғасыр апаты» атауы берілген, Түркияның 10 облысында бір сәтте болған қуатты жер сілкінісіне тура бір апта өтті. Соңғы ақпаратқа сай қаза тапқандар саны 29 мың 600 адамға жетті. Жағдай өте ауыр. Миллиондаған адам үйсіз-күйсіз қалды. Әзірге апат аймағындағы тұрғындардың үйлеріне кірулеріне рұқсат етілген жоқ. Арнайы комиссия үйлердің тұруға жарамды яки жарамсыз екенін анықтаған соң ғана рұқсат берілмек. Қалаларда уақытша шатырлар тігіліп, зардап шеккендер сонда орналастырылған. Бұдан бөлек, Түркия білім министрлігінің шешіміне сай ел аумағындағы барлық университеттер онлайн сабаққа көшіріледі және мемлекеттік университеттердің жатақханалары зізаладан зардап шеккендерді орналастыру үшін босатылатын болды. Ал құтқарушылар әлемнің көптеген елдерінен әлі де келіп жатыр. Қазақстандық құтқарушылар қазір екі қалада жұмыс істеп жүр. Оның бірі осы Газиантеп, екіншісі шамамен 75 шақырым жердегі Нұрдағы қаласы. Екі күн бұрын біздің Нұрдағы қаласындағы құтқарушыларымыз үйінді астынан үш адамды аман сау алып шықты. Ал жалпы біздің жігіттер 7 адамды қирандылар астынан құтқарып алды.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06