БҚО-да суға кеткен 73 үйде су сору жұмыстары аяқталды
Батыс Қазақстан облысында суға кеткен 73 үйде су сору жұмыстары ақяталды. Тұрғындар біртіндеп баспанасына оралып жатыр. Ал Деркөл, Өлеңті, Шыңғырлау және Шежін өзендерінде су деңгейі көтіріліп, арнасынан шықты. Мамандар су мөлшерін екі сағат сайын тексеріп отыр. Жайық өзеніне жоғарыдан мол су түседі деп болжанып отыр. Қазірдің өзінде арна деңгейі былтырғы меже төрт метрге жеткен. Бұдан екі есе көп су келсе, 20 мың тұрғыны бар саяжай аумақтарына қауіп төнуі мүмкін. Бұл туралы тұрғындарға ескертіліп, Орал қаласында 27 эвакуациялық пункт дайындалды.
Тілеген Шапанов, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК облыстық филиал директоры:
Қазір таңда тек Ресей Федерациясы мемлекетінен бастау алатын өзендерде су деңгейі көтерілуде. Олар - Шаған, Қараөзен, Сарыөзен Казталов аудандары. Шаған өзені Чувашин ауылындағы гидробекетте су деңгейі 6,8 метрге көтерілді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Омбы – Майқапшағай» күре жолында қауіпсіздік күшейтілді
17.08.2026, 17:20
Аргентинада жүздеген мотоциклші көшеге шықты
17.08.2026, 17:17
Италиядағы музейден 15 ғасыр картиналары ұрланды
17.08.2026, 17:15
Грекиядағы өрттен екі адам қаза тапты
17.08.2026, 17:12
Сарапшы: Бір палаталы парламент депутат жауапкершілігін арттырады
17.08.2026, 17:10
Ұлыбританияда да Құрылтай сайлауына дайын
17.08.2026, 17:07
Өзбекстандағы Қазақстан азаматтары сайлауға қатыса алады
17.08.2026, 17:05
Қызылордалық сайлаушылар ЖИ қосымшасын пайдалана алады
17.08.2026, 17:02