«Омбы – Майқапшағай» күре жолында қауіпсіздік күшейтілді
Еліміздегі халықаралық транзиттің бірі Қытай мен
Ресейді жалғайтын «Омбы – Майқапшағай» күре жолының Абай облысындағы бөлігінде қарқынды
жұмыс жүргізіліп жатыр. Өңір арқылы өтетін «Қалбатау – Майқапшағай» аралығы қайта
жаңғыртудан кейін іске қосылған. Алайда жол инфрақұрылымдарын салып,
абаттандыру жалғасуда. Қар ұстайтын бөгеттер қойылып, аялдамалар мен жылыту
пункттері де жақында қолданысқа беріледі.
Күре жол өткен
жылы көлік ағыны үшін толық ашылған. Дегенмен абаттандыру әлі де жалғасып
жатыр. Жол бойына қорғаныс темірлер, қар ұстайтын қалқандар тартылуда. Жылдамдық
бақылайтын құрылғылар құрылып, ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін жүйе
іске қосылмақ. Көлік ағыны көп халықаралық дәліз барынша қауіпсіз болуы тиіс, - дейді
мамандар.
Дидар
Сахаритов, мердігер компания өкілі:
1-ші участокты былтырлары тапсырғанбыз. Қазіргі таңда 4 участокта тапсыруға дайындалып жатырмыз. Бізде 3-ші участокта 90 процент аяқталды. 10 процентінің жұмысы жүргізіліп жатыр. Ол бізде барьерный ограждение мен және снего забор және жылыту пунктісі.
Жолдың
970 шақырымындағы «Байбура» асуында жылыту пункті салынып жатыр. Қыста жолы өте
ауыр саналатын учаскеде қар құрсауында қалатын көлік көп. Жылыту бекеті
жолаушыларға жедел көмек көрсетуге қажет. Қазір мұнда электр желісі тартылып
жатыр.
Гүлдарай
Мұхамедиева, №29 жол пайдалану бөлімінің басшысы:
«Қалбатау – Майқапшағай» тас жолындағы ең негізгі жұмыстар аяқталды. Қазір көлік ағыны үшін өте қолайлы болды. Жол белгілері орнатылып, жолақтар сызылған. Біздің мекеме қысы-жазы осы күре жолды қалыпты жағдайда ұстау жұмыстарын жүргізеді. Өткен-кеткен жолаушылардан алғыс естіп жатамыз. Өйткені күре жолдың бұрынғы жағдайымен қазіргі жаңа жолды салыстыруға келмейді.
Тілеген Мешелов, тұрғын:
Жол дегеніміз – экономиканың күретамыры ғой. Жол жақсы болса, елге олжа. Мына Байбураны да неше жылдан бері қар ұстап қалатын. Жол жоқ болатын. Міне, қазір халыққа керемет жақсы болды.
Қазір
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын тексеру бойынша кең ауқымды
«Халықтық бақылау» жобасы да іске асып жатыр. Оған қоса тапсырылуы тиіс
учаскелердегі жұмыс нәтижесін «Жол
активтері сапасының ұлттық орталығы»
мамандары қадағалауға алған.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2027 жылға арналған жаңа телехикаялар бойынша ұсыныстарға байқау жариялайды
17.08.2026, 17:53
А.Ерекешева әлемдегі үздік 5 спортшының қатарына енді
17.08.2026, 17:51
ДСМ: Мектеп оқушысы ұйқы режимін сақтауы керек
17.08.2026, 17:41
Қазақстанда 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілді
17.08.2026, 17:36
Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтті
17.08.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
17.08.2026, 17:27
Түркістан облысында 20 мың тоннадан аса сүт өндірілген
17.08.2026, 17:25
Жамбыл облысына қайтарылған активтерден ₸20 млрд бөлінді
17.08.2026, 17:22