ОСК: Қызылордалықтар ең көп дауыс берген
Сайлаушы ретінде тізімге енгізілген азаматтардың 54,19 пайызы саяси шараға қатысып дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты. Оның сөзінше, таңдаушылардың белсенділігі жағынан Қызылорда облысы көш басында. Сыр бойында халықтың 67,21 пайызы сайлауда дауыс берген. Ал, екінші орында Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Мұнда дауыс берушілердің 65,25 пайызы сайлау учаскелеріне келген. Алғашқы үштікті 65,21 пайызбен Жамбыл облысы қорытындылап тұр. Ал, халықтың белсенділігі Алматы қаласында төмен екендігі байқалды. Дауыс беруге мұнда сайлаушылардың 25,82 пайызы ғана келген. Астана мен Шымкентте де белсенділік төмен болды. Елордада 42,91 пайыз болса, Шымкентте 45,46 пайыз.
Аман Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kostanay music fest фестивалі өтті
17.08.2026, 13:27
А.Ерекешева әлемдегі үздік 5 спортшының қатарына енді
17.08.2026, 13:24
Трамп Оңтүстік Кореямен бірге өткізетін жаттығуларды қысқартуды бұйырды
17.08.2026, 13:18
Шекара қызметіне жаңа әкімшілік ғимарат салынады
17.08.2026, 13:15
ДСМ: Мектеп оқушысы ұйқы режимін сақтауы керек
17.08.2026, 13:12
Баласын бақыламаған 480-нен аса ата-ана жауапқа тартылды
17.08.2026, 13:09
«Respubliсa» партиясының өкілдері сайлаушыларымен кездесті
17.08.2026, 13:06
Министр сайлау кезінде БАҚ пен блогерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды
17.08.2026, 13:03