Kostanay music fest фестивалі өтті
Қостанайда дәстүрлі музыкалық фестивальдің бес жылдығы аталып өтті. Думанды кеште елімізге танымал әншілер өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Орталық стадионға 18 мыңға жуық көрермен жиналды. Жастар бас қосқан шарада облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері «Есірткіге жол жоқ» акциясын өткізіп, өскелең ұрпақты зиянды әдеттерден аулақ болуға, саламатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сүйікті әншілерінің өнерін тамашалау үшін фестивальге еліміздің өзге өңірлерінен де тыңдармандар арнайы келген.
Әлімгер Тасболатов, көрермен:
Біз Петропавл қаласынан осы концертке келіп тұрмыз, көңіл күй жақсы. Ағайындылар боп келдік, осы концертті көру үшін, жақсы әншілер келіп тұр екен. Бұл концерттен біз жақсы эмоция күтеміз, көңіл күйді көтеріп, жақсы естеліктер қалдыруға келдік.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18