Коммуналдық қызмет бағасын негізсіз өсірмек болған монополистерге бақылау күшейеді
Енді коммуналдық қызмет бағасын негізсіз өсірмек болған монополистерге бақылау күшейеді. Қаржы министрлігінің хабарлауынша, бұдан былай нарықтағы жұмыс ашық жүргізілетін болады. Яғни, су, жарық, жылу, газ сынды тарифтердің бағасын көтергісі келген компания бір ай ішінде қоғамдық талқылау өткізуге міндетті. Әрі қызмет құнына не үшін қосымша ақы сұрағаны туралы есеп береді. Ал бұл процесстің бәрі онлайн жүргізілуі тиіс. Егер қоғам тарифті өсіруге бірауыздан қарсы болса, монополист кәсіпорын мұны ескеруге міндетті.
Мирас Зеріпбаев, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары:
Мемлекет тарапынан бақылауға алынатын ол жаңағы жылуды беру, тарату, жабдықтау, өңдеу, электр энергиясы, су, ЖД жолдары мысалы. Ал жергілікті қалалар мен облыстарда жергілікті департаменттеріміз бар. Олардың өзінің жергілікті субъектілері болады. Мысалы, Астанада ол Астана РЭК болса, Қызылордада Қызылорда РЭК деген сияқты. Олар жергілікті департаменттерде реттеледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Respubliсa» партиясының өкілдері сайлаушыларымен кездесті
17.08.2026, 13:06
Министр сайлау кезінде БАҚ пен блогерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды
17.08.2026, 13:03
Форт-Шевченкодағы көне бекініс абаттандырылады
17.08.2026, 10:10
Түркістанда құтқарушылар тауда адасып кеткен туристі тапты
17.08.2026, 10:08
Қазақстан-Бельгия қатынасының 34 жылдығына орай велошеру өтті
17.08.2026, 10:07
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 10:06
Индиана штатында дауыл салдарынан 6 адам қаза тапты
17.08.2026, 10:04
Индонезияда жер сілкінісі құрбандарының саны 53-ке жетті
17.08.2026, 10:03