Индиана штатында дауыл салдарынан 6 адам қаза тапты
АҚШ-тың Индиана штатында қатты дауыл мен су тасқынынан 6 адам қаза тапты. Олардың арасында 4 жасар бала да бар. Бұл туралы штаттың Төтенше жағдайлар қызметкерлері хабарлады. Штат губернаторы президент Дональд Трамппен сөйлескенін, федералдық көмек көрсету үшін өңірде төтенше жағдай жариялау жайлы өтінішін Трамп мақұлдайтынын жеткізді. Дауыл салдарынан жалғыз Индиана емес, Иллинойс, Огайо және Кентукки штаттары да зардап шеккен. Аймақтарда 1 млн-ға жуық адам жарықсыз қалды.
Майк Браун, Индиана штатының губернаторы:
Үш округте жауын-шашын мөлшері 30 сантиметрге жуықтаған. Мұндай нөсер қысқа уақытта жауса, әсіресе өзендердің төменгі ағысында үлкен қауіп төндіреді.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Форт-Шевченкодағы көне бекініс абаттандырылады
17.08.2026, 10:10
Түркістанда құтқарушылар тауда адасып кеткен туристі тапты
17.08.2026, 10:08
Қазақстан-Бельгия қатынасының 34 жылдығына орай велошеру өтті
17.08.2026, 10:07
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 10:06
Индонезияда жер сілкінісі құрбандарының саны 53-ке жетті
17.08.2026, 10:03
Алматыда 300-ге жуық самокат арнайы тұраққа қойылды
17.08.2026, 10:02
Мәдениет саласында 56 мыңнан астам маман еңбек етеді
17.08.2026, 10:01
Мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы енгізілді
17.08.2026, 10:00