Индонезияда жер сілкінісі құрбандарының саны 53-ке жетті
Индонезияның шығысында қуаты 7,7 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 52-ге жетті. Апаттармен күрес жөніндегі ұлттық агенттіктің мәліметінше, Сикка және Маумере қалаларында ғимараттар мен үйлер құлаған. Қазір іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр.
Табиғи апаттан кейін цунами 1 метрге дейін көтерілген. Алайда, толқыннан төнген қауіп көп кешікпей сейіліп, сақтық дабылы доғарылды.
17 мың аралдан тұратын Индонезия Тынық мұхиттың вулкандар мен жер сілкіністері белсенді «отты шеңберінде» орналасқан. Тағы бір айта кететін жайт, дәл осы Флорестте 1992 жылы алапат зілзаладан 2500-ге жуық адам жан тәсілім етті.
АҚШ-тың Геологиялық бақылау қызметінің мәліметінше, осы жолғы дүмпу эпицентрі Флорес аралында 10 шақырым тереңдікте анықталған. Арал халқы жердің теңселіп жатқанын таңертең сезген.
Ювьента Саен, эвакуацияланған тұрғын:
Сол күні таңертең біз ұйқыдан оянып, далаға шығарда жер сілкіне бастады. Дүмпу күшейгенде, жолдасыма «бұл зілзала», тұр дедім. Күйеуім қарт адам, әрең жүреді. Бала құсап, тәй-тәй басып, бір-бірімізге демеу болып зорға сыртқа шықтық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы