Түркиядағы жер сілкінісінде бір-бірінен көз жазып қалған ана мен бала қауышты
Бұл - Түркиядағы жер сілкінісінде бір-бірінен көз жазып қалған ана мен баланың қауышу сәті. Олардың көріспегеніне екі айдай уақыт өтті. ДНК тесті арқылы кішкентай сәбидің Ясемин Бегдастың перзенті екені анықталды. 3 жарым айлық Ветин есімді қыз бала президент ұшағымен Анкара қаласынан Аданаға жеткізілді. Өйткені, анасы осындағы ауруханада ем алып жатыр. Сәби Хатай провинциясында ақпанның 6-да болған зілзаладан 5 күн өткен соң, аман-есен құтқарылған еді. Оның денсаулығы жақсы. Ал Ветиннің әкесі мен екі ағасы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан. Еске салайық, ғасыр қасіреті атанған алапат жер сілкінісінен Түркияда 50 мыңдай адам опат болды.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13