АҚШ Тайваньға қару-жарақ жеткізуді жеделдетпек
Ал, АҚШ Тайваньға Қытаймен арадағы шиеленістің күшеюіне байланысты қару-жарақ жеткізуді жеделдетпек. Тайвань президенті Цай Ингвэньнің Америкаға сапарының қорытындысы осындай. Бұл жайлы Тайбэйге арнайы барған Конгресс өкілдері мәлімдеді. Тайвань билігі АҚШ-тан «Стингер» зениттік зымырандарын сатып алу процесінің былтырдан бері баяулағанын айтады. Себебі, өндірушілер бұл қаруларды бірінші кезекте Украинаға жеткізіп жатса керек.
Тайвань сонымен қатар кемеге қарсы гарпун зымырандарын сұраған. Себебі, Қытай тарапы аралды күшпен басып алуға әрекет етсе, мұндай қару аса қажет дейді. АҚШ-тың ресми өкілдері де танкі мен әскери ұшақтардан бұрын, гарпундар маңызды рөл ойнайды деген пікірде.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13