Ресейде әскерден жалтарғандар шетелге шыға алмайды
Ресей үкіметі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» заңға өзгерістер енгізді. Енді әскерге шақырылған азамат комисариатқа өз бетінше бармаса, шетелге шығуға тыйым салынады.
Индира Бегайдар, тілші:
Қабылданған түзетулер бойынша шақыру қағаздарын жіберудің жаңа әдісі енгізілді. Шақырту арнайы хатпен және электронды форматта жеке кабинет арқылы немесе Мемлекеттік қызметтер порталы арқылы келеді. Шақыру қағазын алып, оқымаған, байланысқа шықпаған азамат әскерге қызмет етуден жалтарған деп танылады. Келесі шақыру кезінде ол екі апта ішінде әскери комиссариатқа өз бетінше келуге міндетті.
Егер хат келіп тұрып, 20 күн бойы әскери комиссариатқа бармаса, көлік жүргізу құқығынан айырылады. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік ала алмайды, несие рәсімдеуге де шектеу қойылады. Екі күн ішінде жедел қаралған құжатты кеше Парламенттің жоғары палатасы мақұлдады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13