Ұлыбританияда ковидтің жаңа штамы анықталды
Ұлыбританияда ковидтің жаңа штамы анықталды. Үндістанда белең алып, Тұманды Альбионда тарай бастаған «Арктурдың» жұқтыру қаупі қаншалықты жоғары екендігі туралы Лондондағы тілшіміз Марина Бекеновадан білейік.
Марина Бекенова, тілші:
Қайырлы кеш, әріптестер. Жаңадан пайда болған «Арктурдың» жұқтыру қауіптілігі өте жоғары, дейді мамандар. Бұған қоса ол антиденелерге өте төзімді болып келеді екен. Үндістанда «Арктурды» жұқтырғандардың саны 60 мыңнан асып отыр. Елдің кейбір штаттарында бетперде тағуды міндеттей бастады. Тұманды Альбионда тұратындардың басым көпшілігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі. Бірақ сарапшылар бетперде кию жергілікті халыққа да артық етпейді, дейді.
Стивен Гриффин, Лидс университетенің профессор-вирусологы:
Британиялықтар сақтық шаралары туралы ұмытқан сыңайлы. Бізге, шынымен де, ауаны сүзгіден өткізетін тиісті маскалар тағу керек. Бөлмелердегі ауаның сапасын жақсартып, желдетіп отыру керек.
Вирус Сингапур, Австралия және АҚШ сияқты 22 елде анықталып отыр. Ұлыбританияда «Арктурды» жұқтырғандардың саны 50-ге жуық. Науқастардың ауруы асқынғаны туралы әзірге дерек жоқ. Бірақ кейбір балалар арасында конъюнктивит пен көздің былшықтанып, жабысуы тіркелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жағдайды қазір өз бақылауына алған.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13