Ажар Ғиният шахтада зардап шеккендерге медициналық көмек жедел әрі толық көрсетіліп жатқанын жеткізді
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният шахтада зардап шеккендерге медициналық көмек жедел әрі толық көрсетіліп жатқанын жеткізді. Министрдің сөзінше, әртүрлі деңгейде газбен уланғандар токсикология бөлімшесінде ем алуда. Медициналық көмек көрсетуге барлық дәрігер жұмылдырылды. Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай әлеуметтік көмек көрсетілетінін жеткізді.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы тағайындалады. Ол республикалық бюджеттен, әлеуметтік сақтандыру қорынан және өмірді сақтандыру компаниясынан төленеді. Жәрдемақы көлемінің жалпы орташа мөлшері асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін ай сайын 400-500 мың теңгеден басталады. Егер балалар жоғары оқу орындарында білім алып жатқан болса, онда 23 жасқа дейін төленеді. Әзірге барлық төлемді өтеу «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жүктеледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада фиджитал-футбол жарысы өтіп жатыр
04.08.2026, 13:22
Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
04.08.2026, 13:20
Оралда жазасын өтеушіден пара алған лауазым иесі сотталды
04.08.2026, 13:17
Семейде ескі стадионнан адам мүрдесі шықты
04.08.2026, 13:15
Ресей Мароккодан 30 мың тонна бензин алған
04.08.2026, 13:12
Оңтүстік Кореяда ыстықтан 16 адам қайтыс болды
04.08.2026, 13:10
Еліміздің басым бөлігінде күн бұзылады
04.08.2026, 13:07
ОСК төрағасы байқаушылармен кездесті
04.08.2026, 13:05