30 жылда көлік апатынан 83 мың қазақстандық қаза тапқан
30 жылда жол-көлік оқиғасынан 83 мыңнан астам қазақстандық қаза тапқан. Бұл туралы мәжіліс депутаты Наурыз Саятұлы мәлімдеді. Жан түршігерлік көрсеткіш жыл сайын 6 пайызға өсіп отыр. Мәжіліс депутаты оған жүргізушілерді даярлау деңгейінің төмендігі мен парақорлық кінәлі дейді. Тіпті бірнеше рет емтихан тапсыра алмай мәселені ақшамен шешкен жайттарды мәжіліс отырысанда айтып берді.
Наурыз Саятұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатты:
Қазан айында ғана Көкшетауда Мамандандырылған орталық қызметкерлері жүргізуші куәлігін заңсыз бергені туралы дерек анықталды. Клиент емтиханды нақты тапсырмай-ақ лицензиясы үшін 100 мың теңге төлеген. Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында денсаулығына байланысты көлік құралдарын жүргізуге тыйым салынған 6 адамның жүргізуші куәлігін заңсыз алғаны анықталды.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13