Ұлытау облысында 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді
Елімізде 20 миллионыншы атанған бес сәбидің бірі Ұлытау облысында дүниеге келді. Сұңғатқызы Томирис Жезқазған қаласында 8:10 туған. Олжалы сәби- отбасының тұңғышы.
Әйкерім Молдашева, Жезқазған қаласының тұрғыны:
Жалпы көп балалы ана болғым келеді. Баршаңызға осы бақытты тілеймін. Кәдімгідей қобалжып тұрмын негізінде. Мүмкін 21 миллионыншы да мен болам.
Қазір анасы мен сәбидің жағдайы жақсы. Томирис дәрігер болжаған уақытта туған. Салмағы 3 келі, бойы 49 сантиметр. 20 миллионыншы қазақстандықтықтың кіндігін кесу бақыты 38 жылдық тәжірибесі бар акушер-гинекологқа бұйырыпты.
Әнжан Баймағамбетова, акушер-гинеколог:
Ұлытау облысында осы қуаныш болып жатыр. Үлкен қуаныш бұл. 20 миллионыншы баланы біз әкеп жатырмыз өмірге. Бізде биыл туу көп. Былтырғы, алдыңғы жылға қарағанда өте көп.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13