Талдықорғанда екі мыңға жуық шетелдік көлік заңдастырылды
Жетісу облысында шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру жалғасуда. Жыл басынан бері eGov порталы арқылы 3200-ге жуық тұрғын өтініш берсе, олардың екі мыңнан астамына оң шешім қабылданған. Көліктердің басым бөлігі Армения, Ресей, Қырғыз елдерінен тасымалданған.
Сондай-ақ, Моңғолия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері және АҚШ-тан да темір тұлпар жеткізгендер бар. Шетелдік көліктерді тіркеу барысында жалған ақпарат беріп, заңды айналып өтпек болған 8 жағдай тіркелді. 4 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Естеріңізге сала кетейік, еліміз бойынша бір реттік көлік заңдастыру шарасы 31 желтоқсанда аяқталады.
Жасұлан Байкенов, Жетісу облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
Агрегаттық номерлерін тексеру барысында техпаспортпен сәйкес келмейді, тағы да басқа кузовтары ауыстырылған автокөліктер шықты. Сондай деректер анықталғаннан кейін біз анықтау бөліміне беріп, ол жерде қылмыстық кодекстің 385-бабына сай тергеу жүргізіп жатыр.
Қуаныш Серікқанов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13