Ақмола облысында көктайғақтан көлік қозғалысы қиындаған
Ақмола облысында көктайғақтан 2 мыңнан аса көлік жолда қалған. Қозғалыс қиындағандықтан жол сақшылары арнайы колоналар жасақтап, көліктерді діттеген жеріне жеткізді.
Облыста қатты жел мен көктайғақтың кесірінен бірнеше бағыттағы жолдар жабылған еді.
Ұмсындық Наурызбаева, тілші:
Қазір барлық бағыттағы жолдар ашылды. Дегенмен, аймақта әлі қар жауып тұр. Кеше күн жылынып, жаңбыр жауғандықтан жолдар көктайғаққа айналған. Жел де күшейіп тұр. Мамандар қазір жағдайды бақылауда ұстап отырмыз,-дейді. Айта кетейік, осыдан екі күн бұрын аймақта бірнеше бағыттағы жолдар жабылған еді. Облыс аумағындағы барлық автокөлік жолдарында 44 патрулдік полиция экипажы, оның ішінде 88 қызметкер кезекшілік етті. Дегенмен, соған қарамастан бір күнде 8 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12