Бала құқығы бұзылса БҰҰ-ға шағымдануға болады
Енді балалар немесе олардың заңды өкілдері құқықтары бұзылған жағдайда Біріккен ұлттар ұйымына тікелей шағымдана алады.
Бүгін Сенат депутаттары халықаралық конвенцияға қатысты хаттаманы ратификациялады. Құжатқа сәйкес, Қазақстандағы барлық деңгейдегі соттар қарап шығарған шешіммен келіспеген жағдайда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары жөніндегі комитетіне шағым түсіруге болады. Ал халықаралық ұйымның комитеті әрбір істі қарап, нақты шешім қабылдайды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымының бұл саладағы бастамаларын толығымен қолдайды. Бүгін қаралған хаттама соның дәлелі. Бұл құжат елімізде балалардың мүдделеренін қорғау тетіктерін жетілдіру үшін қосымша занамалық негіз қалыптастырады деп сенеміз.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті мемлекет дегеніміз – құқықтық мемлекет»
19.10.2026, 12:12
«Таза Қазақстан» акциясы аясында жастармен кездесу өтті
19.10.2026, 10:12
Cпорттағы оң өзгерістер өзгелер үшін де үлгі
19.10.2026, 10:10
Нагояда Азия пара ойындары басталды
19.10.2026, 10:09
Елордада Республика күні 120-дан аса іс-шара өтеді
19.10.2026, 10:08
Ұлттық ғылым академиясына – 80 жыл
19.10.2026, 10:07
Екі қалада есірткі сатқан әйел ұсталды
19.10.2026, 10:07
Канадада әскери базада өрт болып, 4 сарбаз қаза тапты
19.10.2026, 10:05