Басты Жаңалықтар Cпорттағы оң өзгерістер өзгелер үшін де үлгі

Cпорттағы оң өзгерістер өзгелер үшін де үлгі

Қазақстан спорты халықаралық аренада нәтижелі өнер көрсетіп, Орталық Азиядағы бәсекелестіктің жаңа деңгейін көрсетіп отыр. Әсіресе ірі халықаралық жарыстарда қазақстандық спортшылардың әртүрлі спорт түрінен медаль алуы елдегі спорт жүйесінің мүмкіндіктерін айқындайды. Спорттағы табыстың артында жүйелі дайындық, жаттықтырушылардың еңбегі, заманауи инфрақұрылым және жас спортшыларды қолдау тетіктері тұр. Қазақстанның тәжірибесі көршілес елдер үшін де қызығушылық тудыруда, - дейді Татарстандағы спортшылар.

Ферих Шейхутдинов, Татарстан Республикасының Құрметті жаттықтырушысы:

Қазақстанда өтетін халықаралық спорттық жарыстар мен ауқымды іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Қазақстан спортты дамытып қана қоймай, халықаралық спорттық оқиғалардың маңызды орталығына айналып келеді. Соның айқын мысалы – Қазақстанда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Біз Қазақстанның жетістіктерінен үлгі алып, өзіміздің спортты дамытуға тырысамыз.

Бөлісу