Екі қалада есірткі сатқан әйел ұсталды
Екі қалада синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 26 жастағы тараздық тұрғын ұсталды. Тінту кезінде әйелдің қол қоржыны мен пәтерінен полиэтилен қаптамадағы 240 дана психотропты зат тәркіленді. Күдікті тыйым салынған заттың жүзге жуығын пәтерінде сақтаған. Сондай-ақ электронды таразы мен бума-бума полиэтилен пакеттер анықталды. Синтетикалық есірткі салмағы 304 грамнан асқан. Полиция бұл мөлшер аса ірі көлемге жататынын айтады. Ұсталған әйелдің сөзінше, ол интернетте белгісіз біреумен байланыс орнатқан. Сөйтіп ол зиянды заттарды заңсыз жолмен кәсіп көзіне айналдыруға болатынын айтқан. Ал әрі қарай күдікті арнайы нұсқаулық бойынша Алматы мен Таразда таратқан.
Дәулет Мадибраимов, Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
ҚР Қылмыстық Кодексінің 297 бабы, 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп, тексеруге тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Егер ол күдікті азаматшаның кінәсі дәлелденсе, 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы