Елімізде 20 су қоймасы салынады
Көрші елдерге тәуелді болмас үшін Қазақстанда 20 жаңа су қоймасы салынады. Бұл туралы Үкіметте өткен Су кеңесінің отырысында айтылды. Жиында су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру жайы талқыланды. Ол үшін 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы әзір. Құжатқа сәйкес, алдағы жылы 9 облыста көлемі 2,4 текше шақырым болатын 20 су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ қолданыстағы 15 су қоймасын күрделі жөндеу көзделген. Кешенді жоспарды іске асыру су ресурстары мен суармалы жер көлемін ұлғайтып, 41 елдімекенді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан» акциясы аясында жастармен кездесу өтті
19.10.2026, 10:12
Cпорттағы оң өзгерістер өзгелер үшін де үлгі
19.10.2026, 10:10
Нагояда Азия пара ойындары басталды
19.10.2026, 10:09
Елордада Республика күні 120-дан аса іс-шара өтеді
19.10.2026, 10:08
Ұлттық ғылым академиясына – 80 жыл
19.10.2026, 10:07
Екі қалада есірткі сатқан әйел ұсталды
19.10.2026, 10:07
Канадада әскери базада өрт болып, 4 сарбаз қаза тапты
19.10.2026, 10:05
Наразылық акциялары: Макрон халыққа үндеу жасады
19.10.2026, 10:04