Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді
Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді. Оның мөлшері бала туған кезде берілетін жәрдемақылар Әлеуметтік кодекстің 80-ші бабында айқындалады және ол айлық есептік көрсеткіштермен (АЕК) белгіленеді.
«2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сай, 1 АЕК - 3 мың 692 теңге болып белгіленген. Алғашқы 3 баласын туғандарға 38 АЕК – яғни 140 296 теңге жәрдемақы тағайындалды. 4-ші және одан да көп бала туғандарға 63 АЕК көлемінде бірретік жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар егер егіз немесе үшем туған болса, жәрдемақы баланың әрқайсысына жеке тағайындалады.
Бұл – бір реттік жәрдемақы мөлшері. Көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы да көбейген. Әлеуметтік кодекстің 91-бабына сай, оның мөлшері мынадай: 4 балаға шамамен 59183 теңге, ал 5 балаға шамамен 74 мың, егер отбасында 8 немесе одан да көп болса, әр балаға 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді.
Егер отбасында 8 және одан да көп бала болса, әр балаға 4 АЕК, яғни 8 балаға 32 АЕК (118 144 теңге).
Торғын Мелісқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12