Көпбалалы отбасылар былтыр 413 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды
Көпбалалы отбасылар былтыр 413 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды. Жәрдемақы орта есеппен 543,3 мың отбасына берілген. Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Мәселен 4 баласы бар отбасы шамамен 60 мың теңге алса, 8 баласы немесе одан көп болған жағдайда әр балаға 15 мың теңгеге жуық қаражат есептеледі. Айта кетейік, биыл 1-ші қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артты.
Торғын Мелісқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12