Өзбекстанның сыртқы еңбек миграциясы отандастарына қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертті
Өзбекстанның сыртқы еңбек миграциясы агенттігі Қазақстан аумағында жүрген немесе транзиттік бағытта сапарға шыққан отандастарына хабарлама таратты. .
Соңғы уақытта күннің күрт суытуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде жол-көлік оқиғалары жиіледі.
«Осындай суық ауа райы алдағы апталарда сақталуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан аумағында жүрген отандастарымызға аса сақ болуды ескертеміз, қауіпсіз көліктерді пайдалануға кеңес береміз. Аса қажет болмаса, алыс жолға шықпаған дұрыс екенін еске саламыз»,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, өткен аптада Ақтөбе облысы аумағындағы «Самара-Шымкент» автожолында «Ташкент-Қазан» бағытындағы автобус бұзылып, көлік ішінде болған 55 Өзбекстан азаматы құтқарылған еді.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12