Солтүстік Қазақстан облысында су тасу қаупі жоғары
Көктемде Солтүстік Қазақстан облысында су тасу қаупі басым. Өйткені, биыл өңірде қар ерекше мол түсіп жатыр. Қазгидрометтің дерегінше, өткен желтоқсан айында солтүсітк аймаққа орта есеппен жауған қардың қалыңдығы 53,6 мм-ге жеткен. Ал негізгі норма 21,4 мм болуы тиіс. Ал осы жылдың алғашқы айында түскен қардың қалыңдығы 43 мм-ге жетіп отыр. Негізгі бұл мерзімде қардың қалыңдығы 17 мм-ден аспауы тиіс. Ақпан мен наурыз айларында да, қар сол түсуі ықтимал деген болжам бар. Демек, өңірде көктемде су тасу қаупі жоғары болады. Сондықтан, жергілікті билік пен құтқұарушылар қазірден бастап, алдын алу шараларын қолға алуы керек, деп есептейді синоптиктер.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12