Чилиде орман өртінен 112 адам қаза тапты
Чилидің Вальпараисо өңірінде орман өрті дес бермей жатыр. Тілсіз жаудан 112 адам қаза тапқан. Құрбандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Бірнеше адам жоғалып кеткен. Өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды. Ұрлық, тонау болмас үшін коменданттық сағат енгізілген. Жалын елде болған аптап ыстықтан кейін басталған. Өрт қаулаған аймақта миллионнан астам адам тұрып жатыр. Зардап шеккендер арасында туристер көп болуы мүмкін. Себебі танымал Винья-дель-Мар курортына жазғы демалыс кезінде шетелдіктер көп барған. Өртті сөндіруге 1400 маман, армия, ұшақтар және тікұшақтар тартылды.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында тазалыққа талап күшейді
06.08.2026, 17:26
Жас суретшілер Абай шығармаларын бейнеледі
06.08.2026, 17:26
«Sarap» сарапшылар клубының аймақтық отырысы өтті
06.08.2026, 17:23
БҚО-да жас стартапер қағаз басып шығарудың тың әдісін тапты
06.08.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 17:18
Ұлыбританияда кейуана ұшақтың қанатына шығып, рекорд жаңартты
06.08.2026, 17:17
Зымыран бөлшегі айға құлады
06.08.2026, 17:17
Грузияда жаппай электр жарығы өшті
06.08.2026, 17:16