Түрікменстанда респираторлық вирустық инфекция өршіді
Түрікменстанда тұмау белгісі бар респираторлық инфекциялық аурулар өршіген. Науқастардың дене қызуы көтеріліп, тамағы ауырады, тыныс алуы қиындап, жөтел қысады. Вирус әсіресе балаларда қиын өтіп жатыр. Жаңа туған сәбилер және кішкентай бүлдіршіндер арасында өлім-жітім көбейген. Кейбір тұрғындар дәрі-дәрмек алу үшін дүние-мүлкін сатуға мәжбүр. Онлайн басылымдардың хабарлауынша, Түрікменстан дәріханаларында антибиотик 64 мың теңгеге сатылып жатыр. Тұмауды емдеу үшін қабылдауға міндетті дәрі-дәрмек бағасы 500 мыңға дейін жететін көрінеді. Алайда Түркіменстанның денсаулық сақтау министрлігі елде респираторлық инфекциялық аурулардың тарауына қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында тазалыққа талап күшейді
06.08.2026, 17:26
Жас суретшілер Абай шығармаларын бейнеледі
06.08.2026, 17:26
«Sarap» сарапшылар клубының аймақтық отырысы өтті
06.08.2026, 17:23
БҚО-да жас стартапер қағаз басып шығарудың тың әдісін тапты
06.08.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 17:18
Ұлыбританияда кейуана ұшақтың қанатына шығып, рекорд жаңартты
06.08.2026, 17:17
Зымыран бөлшегі айға құлады
06.08.2026, 17:17
Грузияда жаппай электр жарығы өшті
06.08.2026, 17:16