Ресейде боран салдарынан 260 мыңнан астам адам жарықсыз қалды
Ресейде қатты боран соғып, 260 мыңнан астам адам жарықсыз қалды.
Индира Бегайдар, тілші:
Ресейдің бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі жарияланды. Қатты боран салдарынан жол-көлік оқиғалары артты. Сондай-ақ пойыз, ұшақ қатынасы тоқтады. Мәселен, тек Ростов облысында 20 пойыз жолда қалып қойса, Волгоград облысында қар аралас жаңбыр жауып, қатты жел соқты. Салдарынан мыңдаған адам жарық, жылу, сусыз қалды. Мәскеуде де бірнеше күннен бері қалың қар жауып, қаланы «Ольга» циклоны басып алды. Бір күнде жауын-шашынның айлық нормасы орындалды. Тула, Тверь, Калуга және Рязань облыстарында да қауіптің «сары» деңгейі жарияланды. Синоптиктер алдағы күні ауа райы нашарлайтынын ескертеді.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында тазалыққа талап күшейді
06.08.2026, 17:26
Жас суретшілер Абай шығармаларын бейнеледі
06.08.2026, 17:26
«Sarap» сарапшылар клубының аймақтық отырысы өтті
06.08.2026, 17:23
БҚО-да жас стартапер қағаз басып шығарудың тың әдісін тапты
06.08.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 17:18
Ұлыбританияда кейуана ұшақтың қанатына шығып, рекорд жаңартты
06.08.2026, 17:17
Зымыран бөлшегі айға құлады
06.08.2026, 17:17
Грузияда жаппай электр жарығы өшті
06.08.2026, 17:16