Мемлекеттік қызметшілер Араб Әмірліктеріне оқуға барады
Еліміздегі Цифрландыруға жауапты вице-министрлер мен мемлекеттік қызметшілер Біріккен Араб Әмірліктеріне оқуға барады. Бұл туралы Цифрлық даму министрі хабарлады. Сондай-ақ Астанада Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Мұхаммед бен Рашид мемлекеттік басқару мектебі бірлесіп еліміздегі мемлекеттік органдардың 33 қызметкерін оқытып жатыр. Біріккен Араб Әмірліктерінен келген білікті мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы уақытта ірі жобаларды бірлесіп атқаратындарын жеткізді.
Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:Бұл бағдарлама аясында біздің мемлекеттік қызметшілер, мемлекетті басқарудың түрлі салаларында жасанды интелектіні қолданудың жаңа тәсілдері мен әдістерін оқиды. Бүгінгі шара өте маңызды. Өйткен БАӘ-тің мемлекеттік қызметті реформалауы және өсекті мәселелерді шешудің жолдары жоғары деңгейде. Осындай бірлескен жұмыстар отандық мемлекеттік басқару жүйесін дұрыс трансформациялауға көмектеседі.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО тұрғындары өзен жағасын қоқыстан тазартты
13.08.2026, 17:06
Қазақстан–Қытай мәдени байланысы беки түспек
13.08.2026, 17:05
ШҚО-да үш мыңға жуық волонтер жұмыс істейді
13.08.2026, 17:04
Елордадан Бурабайға есірткіге қарсы арнайы пойыз қатынай бастады
13.08.2026, 17:00
«Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген жануарлар көбейіп келеді
13.08.2026, 16:57
Қостанайда 20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылады
13.08.2026, 16:56
Испанияда 37 000 гектар орман алқабы өртеніп кетті
13.08.2026, 16:56
Этна вулканының атқылауына байланысты Сицилия мен Мальтада әуе рейстері тоқтатылды
13.08.2026, 16:54