Көкшетауда тасқыннан зардап шеккен 30-ға жуық отбасына пәтер сатып алынды
Ақмола облысында су кірген 1 817 үйдің 359-ы тұруға жарамсыз. Қалғанын қалпына келтіруге болады. Қазір баспаналары апатты деп танылған халыққа жаңа үй беріле бастады. Көкшетауда тасқыннан зардап шеккен 30-ға жуық отбасына пәтер сатып алынды. Солардың қатарында Сайлаубек Нұрмышев та бар. Таңдап алған үйі жаңадан салынған. Ауласында балалар алаңқайы, футбол алаңы бар. Жалпы, облыста тасқыннан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. 1558 отбасы біржолғы әлеуметтік төлем алған. Оларға 578 миллионнан астам теңге төленді.
Сайлаубек Нұрмышев, қала тұрғыны:
Ескі үй алғымыз келмеді. Өйткені, өзі ескі үйде тұрып, содан зардап шектік қой. Сол жаңа үй алғымыз келді. Біраз іздедік. Сол үйде ешқандай мін жоқ. Үй жақсы. Кәдімгі жаңа немен салынған іші бәрі. Маңайы да жақсы.Үй жалпы ұнайды.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО тұрғындары өзен жағасын қоқыстан тазартты
13.08.2026, 17:06
Қазақстан–Қытай мәдени байланысы беки түспек
13.08.2026, 17:05
ШҚО-да үш мыңға жуық волонтер жұмыс істейді
13.08.2026, 17:04
Елордадан Бурабайға есірткіге қарсы арнайы пойыз қатынай бастады
13.08.2026, 17:00
«Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген жануарлар көбейіп келеді
13.08.2026, 16:57
Қостанайда 20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылады
13.08.2026, 16:56
Испанияда 37 000 гектар орман алқабы өртеніп кетті
13.08.2026, 16:56
Этна вулканының атқылауына байланысты Сицилия мен Мальтада әуе рейстері тоқтатылды
13.08.2026, 16:54