Түркістан облысында жылыжайда бір мың тоннадай банан өсті
Түркістан облысында банан пісті. Шаруалар жылыжайға былтыр егілген тропикалық ағаштың алғашқы жемісін жинамақшы. 5 гектар алқаптан 1 мың тоннаға жуық өнім алмақ ниетте. Жылыжайға 8 мыңдай түп банан көшеті егілген. Олардың бойы 9 айдың ішінде 4 метрден асып отыр. Қазір мұнда 15 адам жұмыс істейді. Шаруалар жылына екі рет өнім жинамақ. Экзотикалық жеміс тек ішкі нарықта саудаланады. Мамандардың айтуынша, бұл өнім еліміздегі сұраныстың бір пайызын ғана өтейді. Сондықтан сату ісінде ешқандай қиындық тумайды.
Ислам Алиев, жылыжайдың атқарушы директоры:
Алдағы жоспарымыз тағы 5 гектаржылыжай соғып, авакадо, манго, ананс екпекшіміз. Экзотикалық өнім шығарайын деп жатырмыз түгелдей.
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО тұрғындары өзен жағасын қоқыстан тазартты
13.08.2026, 17:06
Қазақстан–Қытай мәдени байланысы беки түспек
13.08.2026, 17:05
ШҚО-да үш мыңға жуық волонтер жұмыс істейді
13.08.2026, 17:04
Елордадан Бурабайға есірткіге қарсы арнайы пойыз қатынай бастады
13.08.2026, 17:00
«Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген жануарлар көбейіп келеді
13.08.2026, 16:57
Қостанайда 20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылады
13.08.2026, 16:56
Испанияда 37 000 гектар орман алқабы өртеніп кетті
13.08.2026, 16:56
Этна вулканының атқылауына байланысты Сицилия мен Мальтада әуе рейстері тоқтатылды
13.08.2026, 16:54