Құлсарыда залалды бағалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр
Құлсары қаласының 600-ден астам тұрғыны су басқан мүліктің залалын бағалау нәтижелерін алды. Бұл жөнінде ТЖ жөніндегі жедел штаб мәлімдеді. Қазір бағалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Осы аптаның соңына дейін толығымен аяқтау жоспарлануда. Күні бүгінге дейін өтемақы төлеу тәртібі бойынша 800-ден астам адам толық ақпарат алды. Телефон арқылы да Құлсарының 200 тұрғынына түсінік жұмыстары жүргізілді.
Гүлфайруз Абирова, Құлсары қаласының тұрғыны:
5 сәуірде менің аулам су астында қалып, үйім құлады. Үйім саман тастан салынған болатын. Арнайы комиссия оны апатты деп таныды. Бүгін мен өз мүлкімді бағалау нәтижесін алдым, ұсынылған өтемақы көлемі мен үшін жеткілікті. Көмек пен қолдау үшін мемлекетке алғысымды білдіремін. Осындай қиын сәтте жалғыз қалған жоқпыз.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО тұрғындары өзен жағасын қоқыстан тазартты
13.08.2026, 17:06
Қазақстан–Қытай мәдени байланысы беки түспек
13.08.2026, 17:05
ШҚО-да үш мыңға жуық волонтер жұмыс істейді
13.08.2026, 17:04
Елордадан Бурабайға есірткіге қарсы арнайы пойыз қатынай бастады
13.08.2026, 17:00
«Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген жануарлар көбейіп келеді
13.08.2026, 16:57
Қостанайда 20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылады
13.08.2026, 16:56
Испанияда 37 000 гектар орман алқабы өртеніп кетті
13.08.2026, 16:56
Этна вулканының атқылауына байланысты Сицилия мен Мальтада әуе рейстері тоқтатылды
13.08.2026, 16:54