3-4 шілдеде Астанада әуе рейстерінің кестесі өзгереді
Шілденің 3-і, 4-і күндері Астана әуежайындағы әуе рейстерінің кестесі өзгереді. Өйткені сол күндері елорданың әуе кеңістігінің жүктемесі шамадан тыс көп болады, - дейді Air Astana әуе компаниясының өкілдері. Бұл күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Сондықтан жолаушыларға рейстерін алдын ала анықтап алуға кеңес береді. Қазірдің өзінде осы аралықта ұшатын жолаушыларға ескерту хабарламалар жолданған.
Қала ішінде көлік қозғалысы қолайсыздық тудырмас үшін мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларға жұмысшыларының 70 пайызын онлайн форматқа ауыстыру туралы ұсыныс берілді. Дәл сол күндері елордадағы балабақшалар жұмыс істемейді.
Ғабит Ұзақбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өткен жылы сұлулық саласында 127,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілді
12.08.2026, 17:57
Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
12.08.2026, 17:55
Бүгін – Халықаралық Каспий күні
12.08.2026, 17:37
Қармақшыда жастар марафоны ұйымдастырылды
12.08.2026, 17:36
Ел жаңалықтарына шолу
12.08.2026, 17:35
Жетісу облысында үздік жастар марапатталды
12.08.2026, 17:33
19 мемлекеттің орталық банк өкілдері Астанаға жиналды
12.08.2026, 17:30
Ақтөбе облысында ауылға көшетіндер қарасы артты
12.08.2026, 17:27