Павлодарда кәсіби мереке қарсаңында полицейлер марапатталды
Павлодарда 1,5 жыл төсек тартып, ауруханада жатқан полицей қызметіне қайта оралды. Мұрат Нұрсейітов қызмет көлігін қалқан етіп, 18 оқушы мен 4 ұстазды жол апатынан аман алып қалған. Оқиға осыдан жеті жыл бұрын болған. Баянауыл аудандық полиция бөлімінің арнайы күзет инспекторы бала толы автобусқа жол бастап бара жатқанда жүк көлігі қарсы бетке шығады. Сол сәтте тәртіп сақшысы өз өмірін қатерге тігіп, көлігімен жол бөгеген.
Мұрат Нұрсейітов, полиция инспекторы:
Машинаны бұрып әкетсем, балалармен бір нәрсе болса, менің полиция деген атағым бар, қалай мен сосын форма киемін? Әйелім өзі айтады, өзіннің балаларынды ойламай неге осылай автобусты құтқарып, неге өзің КАМАЗ-дың астына кірдің деген сияқты. Ол уақытта мен ант бердім, балаларды құтқарамын, адамдарды құтқарамын деген.
Бүгін өңірдегі 150-ге жуық тәртіп сақшысы кәсіби мереке қарсаңында марапатталды. Солардың қатарында Мұрат Нұрпейісов те бар. Жалпы тәуелсіздік алған жылдардан бері өңірде 8 тәртіп сақшысы қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өткен жылы сұлулық саласында 127,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілді
12.08.2026, 17:57
Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
12.08.2026, 17:55
Бүгін – Халықаралық Каспий күні
12.08.2026, 17:37
Қармақшыда жастар марафоны ұйымдастырылды
12.08.2026, 17:36
Ел жаңалықтарына шолу
12.08.2026, 17:35
Жетісу облысында үздік жастар марапатталды
12.08.2026, 17:33
19 мемлекеттің орталық банк өкілдері Астанаға жиналды
12.08.2026, 17:30
Ақтөбе облысында ауылға көшетіндер қарасы артты
12.08.2026, 17:27