Елімізде мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық картасы әзірленіп жатыр
Елімізде мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық картасы әзірленіп жатыр. Бұл арнаулы қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысын жүйелеп, оңалту шараларын шалғайдағы ауылдық елдімекендерге жеткізуге мүмкіндік береді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, қазір ведомоства сараптама жүргізіп жатыр. Республика шеңберінде мүгедектігі бар азаматтардың тұрғылықты мекен-жайы туралы ақпаратты жинауға кіріскен. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту шараларын күшейту жоспарда бар. 725 мың адамның 58 пайызы еңбекке жарамды. Министрдің сөзінше, жылына өңірлік квотаның арқасында 7-8 мың азамат жұмысқа орналасады.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БАӘ-де екі дауыс беру учаскесі ашылады
12.08.2026, 17:17
Бүгін әлем халқы Күн тұтылғанын көреді
12.08.2026, 17:15
Индонезияның Бали аралында паром өртенді
12.08.2026, 17:13
Таиланд үкіметі қаруға рұқсат беруді тоқтатпақ
12.08.2026, 17:10
Оңтүстікте жүк көліктерін бақылау күшейді
12.08.2026, 17:07
2 млн 300 мыңнан аса адам онкологиялық скринингтен өткен
12.08.2026, 17:05
Деректердің даркнетке тарағаны жөніндегі ақпарат тексерілуде
12.08.2026, 17:03
Президент бір топ қоғам қайраткерін марапаттады
12.08.2026, 17:00