Қайырымдылық қоры жалғызбасты әкенің бір жылдық пәтер ақысын төлеп берді
Ұлттық арна көрсеткен 2 топтағы мүгедектігі бар жалғызбасты әкеге халық жан-жақты көмектесіп жатыр. Бүгін «Дәулеттен қоры» көпшіліктен жиналған қаражатты астаналық Асылан Құлмағамбетовке табыстады.
Тағдыр тәлкегіне мойымаған қайсар әке денсаулығының нашарлығына қарамастан бірнеше жылдан бері 3 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп келеді. Жалға көлік алып, нәпақасын тауып жүр. Бұл отбасының қиын жағдайын ескерген қайырымдылық қоры көмек қолын созды. 1 млн 400 мың теңге табыстап, 1 жылдық пәтер ақысын өтеп беретін болды. Сондай-ақ алдағы уақытта үнемі азық-түлікпен қамтамасыз етіп, балалардың оқу құрал-жабдығын алып береді. Қыс түскенде отын-көмірін де мойнына алмақ.
Асылан Құлмағамбетов, Астана тұрғыны:
«Дәулеттен қоры» бұлай жинап көмек беріп жатқанына көп рахмет. Үлкен көмек болды. Жағдайымыз оңалғанда менде ел-жұртқа барынша көмегімді беремін. Көп рахмет.
Еске салсақ, әкелер күні мерекесі қарсаңында, Ұлттық арнаның ақпарат қызметі бұл отбасы жайында арнайы материал әзірлеген еді. Сюжет әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көрермендеріміз шама-шарқынша көмек қолдарын созып жатыр.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін– толық Күн тұтылуы болады
12.08.2026, 11:02
XX жазғы Азия ойындарының медальдары таныстырылды
12.08.2026, 10:08
Қоқыс тастағандар жауапқа тартылады
12.08.2026, 10:06
Қазақстанда 6 миллионға жуық жас азамат тұрады
12.08.2026, 10:04
Бүгін – Халықаралық жастар күні
12.08.2026, 10:03
Абай туралы жаңа туынды АҚШ кітапханасына табыс етілді
12.08.2026, 10:01
Трамп Анкарадан қайтарда ұшағын жасырын ауыстырғанын мойындады
12.08.2026, 09:59
Колумбияда зілзаладан қаза тапқандар саны 254-ке жетті
12.08.2026, 09:53