Эстонияның порттары Қазақстанмен ынтымақты нығайтуға ынталы
«Қазақстанда кеден және логистика қызметін көрсететін «Smart Cargo» біріңғай цифрлық жүйесін іске қосу – елдің көлік-логистика саласының қарқынды дамуына сеп». Эстония портының өкілдері осылай дейді. Елдің Таллин, Силламяэ, Мууга және Палдиски порттары Қазақстанмен ынтымақты нығайтуға ниетті. Биыл қаңтардан бастап Эстония арқылы Италия, Бельгия, Алжир, Марокко мен басқа да мемлекеттерге 100 мың тоннадан астам қазақстандық бидай, зығыр және рапс жөнелтілген. Алдағы алты айда отандық экспорттаушылар Еуропа мен Африка елдеріне тағы 100 мың тоннадан астам астық экспорттауды жоспарлап отыр. Қазақстандық тауарлардың Еуропа, әлем нарығына көптеп тасымалдануына Силламяэ порты күш салмақ.
Яанус Паас, Силламяэ портының бас директоры:
Қазақстандық бидай өте сапалы, Еуропа елдеріне керегі де осы, сапалы өнім. Қазақ үкіметінің экспорттаушыларына субсидиямен көмектесіп отырғаны қуантады. Өз тауарын теңіз арқылы әлемдік нарыққа шығаруға логистикалық хаб іздеген Қазақстан үшін Эстонияның Силламяэ порты таптырмас мүмкіндік. Сондықтан біз Қазақстанмен ынтымақты арттыруға мүдделіміз.
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03